Владимир Никитенко: «Қиын сәттен шығу үшін жұмыс істеудеміз»

04.07.2021, 16:09
Никитенко қызылордалық клубта 5 матч өткізіп, екеуінде жеңіске жетті, екі мәрте тең ойнады.
Владимир Никитенко: «Қиын сәттен шығу үшін жұмыс істеудеміз»

"Қайсардың" бас бапкері Владимир Никитенко "Ордабасыға" қарсы өткен матч (1:0) туралы ойымен бөлісті:

- "Ордабасы" ел чемпионатындағы қарымды команданың бірі. Соңғы өткізген екі ойынында да сауатты ойнап, 6 ұпай еншіледі. Өткен ойындарына көмекшілеріммен бірге талдау жасап, соған сай дайындық жүргіздік. Соның нәтижесінде қажетті үш ұпайға қол жеткіздік. Әрине, ойын оңай болған жоқ. Футболшылар алаңдағы жауапкершілікті сезіне білді. Енді қыркүйек айына дейін біріншілік үзіліске бет алды. Турнирлік кестедегі қиын сәттен шығу үшін жұмысты әрмен қарай жалғастырамыз. Трансферлік терезе ашылды. Клубтағы қызметкерлердің арқасында шектеу де шешілді. Бірден айтайын командада үлкен өзгеріс болмайды. Бапкерлік қызметке келгелі 5 матч өткіздім. Барлығының қабілетін байқадым. Менің талаптарыма сай келеді. Қаржылық жағдайды ескеріп, сапалы 1-2 ойыншыны қатарға қосуымыз мүмкін. Өйткені кей позицияларға күш керек. Алда кубок жолындағы ойындар. Ол бәсекені де естен шығармағанымыз абзал.

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×