Конференциялар лигасы: Қазақстандық клубтың тарихи қадамы мен “Алашкертке” қарсы жоспары

Бүгін, 10:20

Конференциялар лигасының іріктеу кезеңі аясындағы алдағы матч "Елімай" үшін жай ғана ойын емес, нағыз тарихи оқиға болып табылады. Команда бұл мерекені ұзақ күткен және Еурокубоктық додада ел намысын лайықты қорғау үшін барын салуға дайын, деп хабарлайды Aladop.kz.

Конференциялар лигасы: Қазақстандық клубтың тарихи қадамы мен “Алашкертке” қарсы жоспары

Команда өкілдері Арменияға дейінгі жолдың оңай болмағанын атап өтті. Дегенмен, мұндай ұзақ ұшуларға үйреніп қалған ұжым барлық жағдайдың жасалғанын және басты мақсат — жанкүйерлерді жақсы нәтижемен қуанту екенін айтады.

Ойыншылар мен бапкерлер құрамында қарсыласты менсінбеушілік мүлдем жоқ. Керісінше, олар бұл матчқа үлкен жауапкершілікпен қарап отыр. 

Арменияның "Алашкерт" клубы Еурокубоктық жарыстарда Қазақстандық ұжымға қарағанда тәжірибелірек. Бас бапкер Андрей Карповичтің айтуынша, қарсылас команданың өз қолтаңбасы бар. Олар допқа иелік етуді және позициялық шабуылдарды ұнатады. "Алашкерт" — прессинг бойынша үздік, допты бақылауда ұстауға тырысатын ұжым.

Армян футболы көбінесе допты бақылау мен техникаға негізделсе, Қазақстандық футбол динамикаға, агрессияға, көптеген жекпе-жектерге және вертикальді ойынға жақын. “Елімай" клуб осы тұстарын пайдаланып, өз ойынын көрсетуді жоспарлап отыр.

Ертеңгі матчта ешбір команда тек қорғаныста жатып алмайды деп күтілуде. Семейлік клубтың өз жоспары бар және олар "Алашкерттің” өз алаңында басымдыққа ие болғысы келетінін түсінеді. Бұл — екі матчтан тұратын стратегия.

"Біз тек қорғаныс үшін емес, гол соғып, жанкүйерлерді жақсы футболмен қуанту үшін шығамыз." — деді Роман Мұртазаев.

Команда тек өз аймағының ғана емес, бүкіл Қазақстанның намысын қорғайтынын сезінеді және бұл жауапкершілік оларға қосымша жігер береді.

Қос команда арасындағы алғашқы кездесу бүгін сағат 21:00-де Армения астанасы Ереванда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×