«Мақтаарал» қазақстандық маман Константин Горовенконы бас бапкер қызметіне тағайындады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Константин Горовенко бапкерлік мансабын «Сұңқар» командасында жаттықтырушының көмекшісі болып бастады. Одан кейін «Қайраттың» жастар командасында жұмыс істеп, дебюттік маусымында Бірінші лиганың қола жүлдегері атанды.
2018-2020 жылдар аралығында «Жетісу Ж» командасын жаттықтырған Горовенко 2019 жылы Бірінші лигада бесінші орынға ие болды.
2020 жылдың маусымында қазақстандық маман Қарағандының «Шахтерін» тізгіндеді. Оның қол астында команда 18 кездесу өткізіп, 8 рет жеңіске жетті, 5 рет тең ойнады, тағы 5 ойында жеңіліс тапты. Маусым соңында «Шахтер» төртінші орынды иеленіп, еурокубокке жолдама алды.
Горовенко өткен маусымда «Мақтааралмен» бірге Бірінші лиганың күміс жүлделері атанып, Премьер-лигаға шыққан еді. Ал биылғы маусымды «Атыраудың» бас бапкері ретінде бастап, тамыз айының ортасында қызметінен кетті.
Біздің серіктес: FONBET