Грэм Поттер «Челсидің» бас бапкері болып тағайындалды

09.09.2022, 01:59
Англиялық маман ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойды.
Грэм Поттер «Челсидің» бас бапкері болып тағайындалды

«Челси» «Брайтонды» жаттықтырып жүрген Грэм Поттерді бас бапкер қызметіне тағайындағанын хабарлады.

47 жастағы маманның лондондық клубпен келісім-шарты 5 жылға есептелген. «Аристократтар» бұл бапкерді алу үшін «Брайтонға» 20 миллион еуро төлеген.

Поттер «Брайтонды» 2019 жылдың мамыр айынан бастап жаттықтырды. Осы маусымда «шағалалар» 6 ойыннан кейін 13 ұпай жинап, Премьер-лиганың турнирлік кестесінде төртінші орында келеді.

Кеше, 7 қыркүйекте «Челси» командада 2021 жылдың қаңтарынан бері жұмыс істеп келе жатқан Томас Тухельдің отставкаға кеткенін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×