Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы анықталды

09.09.2022, 17:08
Үміткерлердің бәрі осы аптада керемет нәтиже көрсетті.
Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы анықталды

«Барселонаның» шабуылшысы Роберт Левандовски Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды. Поляк футболшысы турнирдің топтық кезеңінің 1-турында «Виктория Пльзен» (5:1) қақпасына үш гол соққан еді.

Дауыс беру кезінде Левандовски «Интерге» қарсы ойында бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген «Баварияның» шабуылшысы Лерой Сане, «Наполи» командасының жартылай қорғаушысы Петр Зьелински («Ливерпульге» қарсы матчта екі гол соғып, нәтижелі пас берді) және «Ювентус» қақпасына екі гол соққан ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппені басып озды.

Каталониялық клуб Чемпиондар лигасының екінші турында «Бавариямен» кездеседі. Матч 13 қыркүйектен 14-не қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×