Көптен күткен жеңіс

21.01.2017, 07:21
Көптен күткен жеңіс
Испания кубогінің ширек финалында "Реал Сосьедад" өз алаңында "Барселонаға" жол берді.  Ойынның алғашқы минуттарынан бастап екі команда алма кезек шабуылдап, каталониялықтардың кезекті бір ұмтылысын алаң иелері тәртіп бұзу арқылы тоқтатуға мәжбүр болды. Кездесудің 21-ші минутында төреші Рулли қорғайтын қақпаға пенальти белгіледі. Өзінің соңғы ойындарында гол соға алмай жүрген бразилиялық шабуылшы Неймар бұл жолы мүлт кетпеді. Есеп 0:1. 1-тайм аяқталды. Ойынның екінші бөлігінде алаң иелері допқа көбірек иелік етіп, есеп айырмасын қысқартуға барынша тырысып бақты. Луис Энрике бапкер дер кезінде жартылай қорғаныш шебін күшейтті. Сан-Себастьяндықтар қанша шабуылдағанымен оң нәтижеге қол жеткізе алмады. Ең қызығы, араға 10 жыл салып "Барселона" көптен күткен жеңісіне қол жеткізді. Ойын 0:1 есебімен аяқталып, каталониялықтар жартылай финалға бір табан жақындады. Қарымта ойын қаңтардың 27-жұлдызында "Камп Ноу" стадионында өтеді. Ерік Ерсін
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×