Корольдік клуб бірінші турда қарсыластар қақпасына жауапсыз алты гол соқты

30.08.2011, 03:38
Корольдік клуб бірінші турда қарсыластар қақпасына жауапсыз алты гол соқты
Испания біріншілігі де басталды. Футболшылардың құқығын қорғайтын кәсіби лига мен ел қауымдастығы әріптестік келісімге келе алмай, соңы бірінші турды кейінге қалдырумен аяқталған еді. Бір апта кешігіп басталған біріншіліктің бас жүлдесінен басты үміткер Реал сырт алаңда Сарагосамен кездесті.
Соңғы жылдары Барселонаға есе жіберіп жүрген корольдік клуб бірінші турда қарсыластар қақпасына жауапсыз алты гол соқты. Былтыр Испанияның бас мергені болған Криштиану Роналду жаңа маусымға да жақсы дайындықпен келіпті. Үш бірдей голдың авторы атанған футболшы, командасының жеңісіне өз үлесін қосты. 22-ші минутта Роналду есеп ашқан соң, араға төрт минут салып, қорғаушы Марсело нәтижені еселей түсті. Екінші таймда Реал ойыншылары Сарагоса қақпасын тағы төрт мәрте дәл көздеді. 64-ші минутта Хаби Алонсо алыстан күшті соққысымен мергендік танытты. Сосын Роналду кезек сұрады. Артынша жартылай қорғаушы Кака белсеніп, кезекті шабуылды түйіндеді. 87-ші минутта матчқа Роналду нүкте қойды. Қорытынды есеп:0:6. Реал алғашқы турдан кейін топ бастады. Олардың басты қарсыластары Барселона бүгін ойнайды. (Қазақстан ұлттық телеарнасы)
Қалған ойын нәтижелері төмендегідей.
29/08   Севилья 2 - 1 Малага
-   Реал Сарагоса 0 - 6 Реал Мадрид
-   Хетафе 1 - 1 Леванте
-   Мальорка 1 - 0 Эспаньол
-   Атлетик Бильбао 1 - 1 Райо Вальекано
-   Атлетико Мадрид 0 - 0 Осасуна
28/08   Гранада 0 - 1 Реал Бетис
-   Валенсия 4 - 3 Расинг Сантандер
-   Спортинг Хихон 1 - 2 Реал Сосьедад
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×