«Королдік команда» кімнен кем

27.02.2014, 04:04
«Королдік команда» кімнен кем
Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама беретін кезекті кездесу Испанияның «Реал Мадриды» мен Германияның «Шальке 04» командалары арасында өтпекші. Бұл кездесудің нәтижесі жайлы сөз бола қалса, аладоптан аздаған хабары бар адамның өзі-ақ «Реалдың» жеңісіне бәс тігуге дайын. Біз де соған сенімді болар едік, егер «Королдік клубтың» Германия командаларына қарсы өте сәтсіз өнер көрсететін кемшілігін ескермесек… Герман топырағы «Реалдың» өнер көрсетуіне тым сәтті «сахна» саналмайды. Бұған дәлел, мадридтік құрама неміс командаларына қарсы қонақ алаңда өткізген соңғы 25 ойынның тек біреуінде ғана жеңіске жете алаған екен. Анчелотти шәкірттері бұл тарихқа өзгерту енгізе алама- алмайма оны аз уақыттан кейін білетін боламыз. Әзірге білеріміз «Реал Мадридтің» Герман клубтарына қарсы сүреңсіз көрсеткіштері: .............................................................................................. NO .1 Германия клубтарына қарсы 52 кездесу өткізіп, 22 ойында жеңіп, 10 кездесуде есеп бөліскен болса, 20 ойын герман құрамаларының пайдасына шешілген екен. ............................................................................................... NO.2 2007 жылдан бері мадридтік құрама Германдықтардан «жапа» шегіп келеді. Анығырқ айтсақ, 2007, 2012 жылы «Бавариядан», 2013 жылы «Дортмундтан» айналып өте алған жоқ. ................................................................................................ NO.3 чемпиондар лигасында «Реалды» жолдан тайдырудың қас шеберлері де Германия командалары. Чемпиондар лигасының ережесі өзгергеннен бері германдықтар «Хан Мадридті» сегіз мәрте тобықтан шалған. ................................................................................................ NO.4 Мадридтіктер Герман жерінде қонақта өткізген 25 кездесудің біреуінде ғана жеңіске жеткенін баста айттық. Осының 18-інде жеңіліс тапса, алтауында есеп бөліскен екен. ................................................................................................ NO.5 Осы 25 кездесудің тек екеуінде ғана қақпаларын голдан таза сақтай алған. ................................................................................................ No.6 Бұдан да жаманы ең жақында өткен қонақтағы алты кездесудің барлығында «Реал» жеңіліске ұшырап отырған. ................................................................................................ Шальке04: NO.1 Испандық командаларға қарсы өткізген 11 кездесулерінің бесеуінде жеңіске жетіп, төртеуінде жол берген екен. ................................................................................................. NO.2 «Шальке» топтық кезеңнің төрт ойынында гол жіберген жоқ. Бұл дегеніңіз тек «Манчестер Юнайтет» пен «Челсидің» ғана қолынан келген болатын. ................................................................................................... NO.3 Егер бүгін Хюнтелар гол соқса, «су ішкен құдығына түкірген» бесінші бұрынғы «Реалдық» ойыншы атанбақ. Бұған дейін бұндай «опасыздықты» Саморано, Морьентес, Роббен, Снейдер төртеуі жасаған болатын. ................................................................................................... Осы келтірілген мәліметтердің қаншасына өзгеріс енеді? қаншасы жалғасын табады? оны алдағы аз уақыттың еншісінен күтеміз. Касильяс 826 минут бойы қақпасына гол жібермей келеді. Оның осы жеңісті жолы жалғаса ма? "Реал Мадрид" жеңілістің дәмін татпағанна да 26 ойын болды. Олардың осы сәтті сапары жалғасын таба ма? Сұрау көп, ал жауап біреу болады... Қуанышхан ӨМІРХАН      
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Түнгі студия
Келесі жаңалық
Жейде жеңімпазды тапты!
Серіктес жаңалықтары
×