Корона жаңалықтар. Давид Мойес пен Жозе Моуриньо азық-түлік таратып жүр

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
24.04.2020, 12:50
Әлем футболындағы соңғы жаңалықтарға шолу жасайық.
Корона жаңалықтар. Давид Мойес пен Жозе Моуриньо азық-түлік таратып жүр

Уэльс құрамасының ойыншысы Гарет Бэйл өз отанындағы ауруханаға 500 мың стерлинг фунт аударды. Қаржының барлығы елдегі вируспен күреске жұмсалады. Ал Давид Мойес Ланкшир ауданында азық-түлік тарататын компанияда жүргізуші қызметінде жүр. "Вэст Хэм" бас бапкері жүк тиелген көлігін айтылған жерге апарып тастаумен айналысады. Жозе Моуриньо болса келген көмекті қарт адамдардың үйіне тасиды. "Манчестер Сити" шабуылшысы Габриэль Жезус Бразилиядағы фавеллаларға арнап 3000 тонна азық-түлік сатып алды. Коронавирустан қайтыс болған Норман Хантердің есімі "Лидс" командасының стадионы "Элланд Роудтың" оңтүстік трибунасына берілетін болды. Экс-қорғаушы "Лидс" сапында жемісті футбол ойнады.

УЕФА ЕУРО 2020 додасының іріктеу турниріне қатысқан футболшылардың клубтарына 200 миллион қаржы бөлді. Жарыс келер жылы өтсе де, қаржының қазір қатты керек екенін білген УЕФА дұрыс шешім қабылдады. Футболшылары іріктеуге қатысқан клубтар 70 миллион, өтпелі ойындарға қатысқандарға 20 миллион беріледі. Ал Испания құрамасының бас бапкері Луис Энрике жалақымды қысқартыңыздар деп өзі өтініш білдіріпті. Ол жылына 1,5 миллон еуро көлемінде жалақы алады.

Румыния чемпионаты Түркияда өтетін болды. Чемпионаттың қалып кеткен матчтары Анталья қаласында ойналады. Клубтар чартерлік рейспен осы елге ұшып келеді де, осында 1 ай уақыт өткізеді. Осының барлығына олар шамамен 2 миллион еуро ғана жұмсайды екен.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×