Коронавирустың салдары. Футбол әлемі қиын жағдайда

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
23.04.2020, 14:46
Соңғы жаңалықтарға шолу
Коронавирустың салдары. Футбол әлемі қиын жағдайда

"Аталанта" командасының қақпашысы Марко Спортьелло тағы бір мәрте тест тапсырып, коронавирусқа шалдыққаны жайлы диагноз алды. Футболшы соған қарамастан өз үйінде емделіп жатыр екен. Оның бойынан осыдан бір ай бұрын вирус бар екені анықталған. Алайда, қақпашы денсаулығының мықтылығының арқасында аса қатты ауырып жүрмегенге ұқсайды.

"Милан" командасының ойыншысы Саму Кастильехо өзінің туған қаласы Малагаға 3000 медециналық бетперде жіберіпті. Қазір Испаниядағы Малага қаласында масканың жетіспеуі анық байқалады.

Солтүстік Ирландия құрамасының бас бапкері Мартин О,Нил қызметінен кетті. Оның басты себебі, ойындардың барлығының күнтізбесінің бұзылып, коронавирустың өршіп кетуінен болып отыр. Ал чехиялық клуб "Млада Болеслав" карантинге қарамастан жаттығу жұмыстарына кірісті. Шамасы, бундеслигадан кейін Чехия біріншілігі бірінші болып жалғасатын секілді. Қатар мемлекетінің BelN Sports телеарнасы Сауд Арабия мемлекеттік қорының "Ньюкасл" клубын сатып алуына қарсы екен. Оның да түрлі себебптері бар көрінеді. Бұл телеарна осы кезге дейін Саудия аумағында ағылшын премьер-лигасының "пираттық" көрсетілімдерін жасап, қомақты қаржы тауып жүрген екен. Енді олар бұл табыстан айырылғалы тұр.

Англияның 5 дивизионындағы және одан төменгі лигалардың клубтары сауалнамаға қатысты. Олар чемпионатты одан әрі ойнамай, осы жерден тоқтата салуға қарсы еместігін байқатты. Яғни, дауыс бергендердің басым бөлігі осылай деп шешіпті. Ал АПЛ мамыр айында қайта жалғасады. Тіпті 9 мамырдан бастап жаттығу жұмыстарын бастайды. Ойындар жанкүйерсіз өтеді.

Англияға байланысты тағы бір жаңалық. 2018 жылы "Бешикташ" клубына жалға берілген қақпашы Лориюс Кариус "Ливерпульге" қайта оралатын болды. Бұл жаңалыққа "Ливерпуль" фанаттары аса қатты қуана қойған жоқ.

Португалиялық клуб "Спортинг" Хесе Родригесті ПСЖға қайтарып жіберді. Жалға алған бұл шабуылшының жалақысын төлей алмай отырған клуб, короновирустың кесірінен осындай қадамға барып отыр. Франциялықтар да олардың жағдайын жақсы түсінді.

Індет басталғалы бері басынан алмағайып күн туған "Барселона" футболшыларымен келісіп, жалақыларын 70 пайызға түсіріп тастады. Испаниядағы төтенше жағдай аяқталғанша осылай болады. Сосын "Барселона" музей мен фан-шоптарын жауып тастап, 1 миллион еуро көлемінде түсіріп отырған табысынан айырылды. "Барса" індет аяқталғаннан кейін де 2-3 ай бойы футболшыларына дұрыс жалақы бере алмайтын секілді деп жазады испаниялық басылымдар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×