Көш басында — қос мықты

12.07.2011, 14:07
Көш басында — қос мықты
Биыл Қазақстан футболында бірінші лига клубы да көпшілікке тартысты ойындар тарту етуде. Дегенмен өзгелерден ерек болып алда екі команда келеді. Маусым басында бірінші лиганың бірнеше клубы команда алдына премьер-лигаға жолдама алу тапсырмасын жүктеген. «Қызылжар», «Ақжайық», «Іле-Сәулет», «Ақ бұлақ», бұлардың қай-қайсысы болсын жоғарғы топқа өтуге үмітті болатын. Алайда көш басындағы Алматының «Сұңқары» мен Көкшенің «Оқжетпесі» маңайына ешкімді жолатар емес. 16-турда да бұл клубтар өздерінің кезекті жеңісіне қол жеткізді. «Сұңқар» сырт алаңда «Іле-Сәулеттен» басым түссе, «Оқжетпес» «Ақтөбе-Жас» клубынан айласын асырды. 16-тур «ЦСКА» (Алматы) — «Болат» (Теміртау) – 1:3 «Цесна» (Алматы) — «Астана-1964» – 6:2 «Оқжетпес» (Көкшетау) — «Ақтөбе-Жас» – 3:1 «Қызылжар» — «Ақжайық» (Орал) – 2:2 «Каспий» (Ақтау) — «Ақ бұлақ» (Алматы) – 2:1 «Іле-Сәулет» (Алматы) — «Сұңқар» (Алматы) – 0:2 «Гефест» (Қарағанды) — «Лашын» (Тараз) – 0:1 «Екібастұз» — «Спартак» (Семей) – 1:1 Автор: Арсен Жанаділ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×