"Тобыл” футбол клубы жақын арада жаңа басшылықтың қолына өтеді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Журналист Елдар Аманбаевтың хабарлауынша, клубты басқару тізгінін танымал бизнесмен, “Eurasian Resources Group” (ERG) директорлар кеңесінің төрағасы әрі бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов алмақ.
Шухрат Ибрагимов — Қазақстандық бизнестің ең ықпалды тұлғаларының бірі. Оның беделі мен мүмкіндіктерін келесі деректерден-ақ аңғаруға болады:
– Forbes Kazakhstan рейтингі: 2025 жылы еліміздегі ең ықпалды 50 бизнесменнің ішінде 8-орынға тұрақтады.
– ERG алпауыты: Әлемдік деңгейдегі тау-кен өндірісі алыбының басшысы болуы — клубқа келетін инвестицияның көлемі орасан болатынын аңғартады.
“Тобылдың” жекешелендіру процесінің аяқталу сатысында тұруы — Президент тапсырмасының орындалуы ғана емес, сонымен қатар Қостанай футболының жаңа дәуірінің бастауы екені сөзсіз.