Ал саған, керек болса! Әлемге танымал аяқдопшы барша футбол сүйер қауым мен қоғамды дүр сілкіндірді. "Челси" командасының қорғаушысы, белгілі аяқдопшы Эшли Коул өз әріптесін тапаншамен атып тастады. Дәл осындай ел құлағын елең еткізген жаңалық әлемдік баспасөзде жарқ етті.
"Челсиде" тәжірибе өтіп жатқан Том Коуэннің қазіргі жағдайы жақсы. Жарақат оның өміріне ешқандай қауіп төндірмеді. Әйтпегенде, Эшлидің жағдайы қиындай түсер еді. Бұрын соңды аяқдопшылардың арасындағы атысты көріп, білсек те дәл осындай жағдайды естіп жағамызды ұстадық. Өз әріптесін киінетін бөлмеде су жаңа тапаншамен жайратып салған ойыншы, қасында тұрған әріптестерінің зәре-құтын қашырған. Бірақ, Коулдың ойынша ол жаңдайдың дәл осылай өрбитініне таңқалған. Атуға дайындалмаған, су жаңа тапаншамен тек әзілдеп әріптсеін қорқытқысы келген ол байқаусызда шүріппені басып қалып Коуэнді жалт құлатады. Команда басшылары болған жайтты өз қалпына келтіріп, істі насырға шапқызбаған. Том Коуэн де құқық қорғау органдарына ешқандай да шағым түсірмеген. Десе де, бұл мәселе ақпарат көздерінен көрініс тауып, Коулдың қандай қорқыныш тудыртатынын айтып жатыр.
Англия ұлттық құрамасының ойыншысы Лондонның қақ ортасында тапаншамен жүрсе, онда қалған елге не жорық дерсіз. Бұл әрине футболшыларға үлгі алатын нәрсе емес.
Дәл осындай сәттерге тап болып жүрген әлемдік деңгейде бірнеше аяқдопшы бар. Ол Кевин Принц Боатенг. Тапанша ұстап жүрген бірнеше фотолары жарғақ құлақ ақпарат көздерінен шыққан-тын. Бразилиялық Адриано тіптң, есірткі саудасының алыптарымен бірге жүріп, қолында тапанша ұстаған суреттерін де көзбен көргенбіз. "Цска" шабуылшысы Вагнер Лав өз отанында демалуға кеткенде дәл осындай қылықтармен ерекшеленген.
"Астон Вилла" шабуылшысы Дарен Бенттің бірде тапаншамен кішкентай баланы қорқытқаны белгілі. Ал, колумбиялық Сальвадор Кабаньястың бұзақылардың қолына тап болып, басынан жараланғанын да барша жұрт біледі. Дегенмен де, бәрінен де басында оғы бар жігіт жай ғана өмірге қайта оралмай, сонымен қатар футболды да жалғастырады.
Ермұхамед МӘУЛЕН
Біздің серіктес: FONBET