Ковачич: "Интерге алғысым шексіз"

20.08.2015, 00:08
Ковачич: "Интерге алғысым шексіз"
Матео миландық клубпен қоштасты Хорваттық жартылай қорғаушы Матео Ковачич "Интерден" кетуі жайлы сөз қозғады. Еске сала кетсек, балқан түбегінің тумасы мансабын мадридтік "Реалда" жалғастырғалы отыр. Келісім-шарт мерзімі 2021-ші жылдың жазына дейін. Ал, "нерадзурри" сапында Матео 2013-тің қаңтарынан бастап өнер көрсеткен еді. Әрине, Миланнан кету көңіліме қаяу түсіреді. "Интерге" алғысым шексіз. "Нерадзурри" сапына қосылғанымда қуанғаным әлі есімде. Миландықтар жас болсам да маған сенім артып мүмкіндік берді. Дегенмен, "Реал"-мен үшін үлкен қадам. Бұл командада өзімді жақсы жағынан танытқым келеді-деді Матео Ковачич "Интер" футболшысы ретінде берген соңғы сұхбатында.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×