Клуб басшылығы команда көшбасшысын жіберуге дайын
"ПСЖ"-ның шабуылшысы жаңа маусымда қай команданың сапында өнер көрсетерін білмейді.
Daily Mail басылымына сенсек париждік алып швед футболшысын сатуға шешім қабылдаған. Бір қызығы, 33 жасар футболшының бағасы да аса қымбат болмайды. Бұның себебін, бір жылдан кейін күшін жоятын келісім-шартпен түсіндіруде.
Ибрамгимовичте ең жоғарғы жалақы болғандықтан "ПСЖ" сатқысы келеді. Жақын арада Златан бұрын өзі ойнаған "Миланға" оралуы да ғажап емес. Сондай ақ, Тұманды Альбионда да мансабын жалғастыруы мүмкін.