"Ақтөбенің" бұрынғы ойыншысы Сергей Ковальчук жаңа маусымда "Оқжетпес" құрамында ойнайтын болады.
32-жасар молдовалық-ресейлік жартылай қорғаушы бір жыл бұрын "Ақтөбеден" кеткен болатын, содан бері ешқандай команда сапында ойнаған жоқ. Ол "Оқжетпестің" Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қосылды.