Кападзе Азия Кубогындағы екінші матчында жеңіліс тапты

15.01.2015, 20:19
Кападзе Азия Кубогындағы екінші матчында жеңіліс тапты
"Ақтөбе" ФК экс-футболшысы және Өзбекстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Тимур Кападзе Австралияда өтіп жатқан Азия Кубогының топтық кезеңіндегі кезекті матчын ойнады. В тобындағы екіншіі кездесуін Миржалол Қасымов шәкірттері Қытай құрамасына қарсы өткізді. Матчтың 90 минутын алаңда өткізген Кападзе "Краснодарлық" Одил Ахмедовке нәтижелі пас беріп, командасының есепте алға шығуына себепкер болды.

Алайда, екінші таймда қайратына мінген қытайлықтар "ала шапанды" ағайындылардың қақпасына 2 доп соғып, топта жеке-дара көш бастады. Олардың қоржынында - 6 ұпай. Бірінші кездесуінде Солтүстік Кореяны жеңген Өзбекстан құрамасы екінші орынды Сауд Арабиясымен бөлісіп тұр. Көрші мемлекеттің бүгінгі өткен матчынан кейін өзбектер "Біз өзіміздің футбол тарихымызда болып көрмеген нәрсені жасадық - біз Азия Кубогында Қытайға есе жібердік" деп әзіл-шыны аралас әңгімелер айтып жатыр.4_hlUpj9zSI
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×