Сонымен, Қазақстан чемпионатының өткен турының қортындысы бойынша үздіктер анықталды.
4-турдағы үздік қақпашы – Арсен Сиукаев («Жетісу»). Әбден лайық! Талдықорғандық клубтың Алматыдан ұпай алып қайтуына бірден-бір себепкер болған осы ресейлік кипер еді. Сиукаев Жоао Паулоның екі пенальтиін алып шықты. «Қайрат»-«Жетісу» ойынының үздігі деп танылған қақпашы өткен турдағы үздік кипер танылыпты. 4-турдағы үздіктер қатарында «Жетісудың» тағы бір өкілі - қорғаушы Гиа Чадунели де бар. Талдықорғандық команданың грузиялық легионерінен бөлек тағы – Степанов («Атырау»), Сорокин («Елімай»), Таңжарықов («Ақтөбе») пен Савкив («Шахтер») үздіктер қатарынан төбе көрсетті. Бұлардың барлығы қорғаушылар. Жартылай қорғаныста - Березкин («Қызыл-Жар»), Зариа («Қайрат») мен «Астананы» ұтып, айды аспанға шығарған «Шахтердің» капитаны Рохер Каньяс. Шабуыл өтіне келер болсақ, мұнда «Қызыл-Жар» форварды Борис Цмилянич пен Джасурбек Яхшибоев («Ордабасы») 4-турдағы үздіктер деп танылыпты.
Естеріңізге сала кетейік, 4-турдағы ойындардың нәтижелері мынадай болды;
«Қызыл-Жар» - «Жеңіс» 4:0
«Елімай» - «Қайсар» 1:0
«Қайрат» - «Жетісу» 0:0
«Ақтөбе» - «Атырау» 1:1
«Шахтер» - «Астана» 1:0
Жаңа маусымда бірінші орында әзірше Алматының “Қайраты” келеді. Екінші сатыда “Қызыл-Жар”. Үздік үштікті былтырғы жеңімпазы “Ордабасы” түйіндеп тұр.
Біздің серіктес: FONBET