ҚПЛ бапкерлері мен төрешілерінің арасында қандай жанжал? Тағы бір жаттықтырушы төрешілікті сынға алды

12.05.2025, 11:30

«Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович «Ақтөбеге» қарсы ойыннан кейін төрешілердің қызметіне сын тақты.

ҚПЛ бапкерлері мен төрешілерінің арасында қандай жанжал? Тағы бір жаттықтырушы төрешілікті сынға алды
Андрей Карпович

Айта кетейік, ҚПЛ-дің сегізінші турында семейлік клуб сырт алаңда «Ақтөбеден» 0:1-мен ұтылды. Кездесудегі жалғыз голды Әлібек Қасым салған.         

«Төрешіліктің сапасы сұмдық. Былайша айтқанда, нәтижеге тікелей әсер еткен екі эпизод. Біріншісі – Қасым гол салған айып добы. Оған дейін таза ереже бұзылған болатын. Қайталап көруге болады. Футболдан кәдімгідей түсінігі барлар байқауы тиіс. Бірақ, төреші оған көза жұма қарады. Ал екінші эпизод – Қасымның пенальтиі. Мұндай дүниелер футболдың берекесін қашырады. Ал осы жағдайлар тікелей нәтижеге әсер етеді. Меніңше, Әлібектің соңғы ойындарда екі пенальти алып келгені анық. Бұл менің пікірім. Сол үшін төрешілік сапасына назар аударғым келеді. Мұндай жағдай әрине, біздің көңілімізден шықпайды», - деді А. Карпович.

Премьер-лиганың 8-турынан кейін 19 ұпай алып, екінші орынға көтерілді. «Елімай» 13 ұпаймен 7-орында. «Ақтөбе» келесі турда 17-мамырда «Оқжетпеспен» кездеседі, семейлік ұжым 18-мамырда «Қайратты» қабылдайды.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×