
Константин Горовенко
«Атырау» клубының бас бапкері Константин Горовенко өз еркімен қызметінен кетті.
Бұл туралы kazakh_football_inside-телеграмм арнасы мәлімдеген болатын.
«Мұнайшылар» ҚПЛ-2025-те 5 турдан кейін 3 ұпаймен 13-орында келеді. Константин Горовенко командасы өткен турда өз алаңында петропавлдың «Қызыл-Жарынан» ұтылды 1:2.
Жалпы, биылғы маусымның басы атыраулықтар үшін аса сәтсіз басталды. Әсіресе, өткен екі апта аралығында алматылық «Қайраттан» екі рет ойсырай ұтылғаны ауыр тиген. Осындай сәтсіз нәтижелер жанкүйерлер тарапынан үлкен наразылық тудырып, команданың берекесін қашырды. Нәтижесінде Константин Горовенко өз еркімен орнын бостауды ұйғарыпты. Қазақстандық маманға тек қана табыс тілейміз!
Біздің серіктес: FONBET