
«Meta-ratings.kz» мәлімдеуінше «Елімай» алдағы уақытта біраз легионерімен қош айтысып, басымдықты қазақстандық футболшыларға беруі ықтимал.
Бұған клубтың қаржылық дағдарысқа ұшырауы мен шетелдік футболшыларға қатысты жаңа заң ықпал еткен ұқсайды. Атап айтсақ, Семеймен Максим Коваль, Неманья Чаласан, Самуэль Одеоибо, Кевин Ролон, Никита Корзун, Давид Майком, Евгений Березкин, Роман Тугарев және Фессу Плака сынды ойыншылар қош айтысуы мүмкін. Танымал порталдың ақпаратына сенсек, семейлік ұжым бұл футболшыларды Қазақстан премьер-лигасының басқа клубтарына ұсынған көрінеді. Ал осыған дейін командадан Эдуард Флореску мен Фейсал Муличтің кеткенін де айта кету керек.
«Елімай» ҚПЛ-2025-те қазір алтыншы сатыға жайғасқан. Андрей Карпович командасының қоржынында 11 турдан кейін 17 ұпай бар.
Біздің серіктес: FONBET