
Бүгін «Реал Мадрид Сити» кешенінде мадридтік «Реалдың» жаңа қорғаушысы Трент Александер-Арнольдтің ресми таныстырылымы өтті.
26 жастағы ағылшын футболшысы жаңа командасында 12 нөмірмен өнер көрсететін болады. Бұған дейін ол бүкіл кәсіби мансабын ағылшынның «Ливерпуль» клубында өткізген.
Таныстырылым кезінде Александер-Арнольд өзінің бұрынғы клубына алғысын білдіріп, «Ливерпульге» деген мәңгілік ризашылығын жеткізді:
— «Мен «Ливерпульге» мәңгілік алғыс айтамын және бұл клубтың алдында әрқашан қарыздармын. Онда 20 жыл өткіздім және әрбір сәтінен ләззат алдым. Бірақ мен үшін жаңа кезеңнің келгенін түсіндім», — деді футболшы.
Александер-Арнольдтің ауысуы футбол жанкүйерлері үшін күтпеген жаңалықтардың бірі болды. Енді ол әлемнің ең атақты клубтарының бірі — «Реал Мадридтің» сапында өнер көрсететін болады.
Біздің серіктес: FONBET