ҚПЛ-дің жаңа жұлдызы бала күнгі кумирін айтты

02.06.2025, 12:57

ӘЧ-2026 іріктеуінің аясындағы Солтүстік Македония (9-маусым) мен Беларусь құрамасына қарсы жолдастық кездесуге (5-маусым) шақырту алған жартылай қорғаушы Дәурен Жұмат ұлттық команда мен өзінің үлгі тұтатын футболшысы туралы пікірімен бөлісті.  

ҚПЛ-дің жаңа жұлдызы бала күнгі кумирін айтты
Бауыржан Исламхан мен Бахтиер Зайнутдинов

«Атмосфера керемет. Қазір жаңа жағдайларға бейімделуге тырысып жатырмын. Бұл үлкен мақсаттарға жол ашатын маңызды қадам. Жоғары деңгейге жету үшін өзімді шыңдаудамын. Құрамаға келгеніме қуаныштымын, бұл мен үшін аса маңызды болып отыр. Бауыржан Исламханның ойынын тамашалап ержеттім, ол менің жерлесім. Бірге бір командада ойнасам деп едім, бірақ қазір ол жоқ. Менің кумирім - Бауыржан Исламхан дей аламын», - деді Д. Жұмат.

Дәурен Жұмат биыл «Оқжетпес» сапында нәтижелі өнер көрсетуде. Жартылай қорғаушы ҚПЛ-де 11 кездесуде 7 голдың авторы атанды. Дәурен көкшетаулық клубқа дейін «Мақтаарал», «Тараздың» жастар командасының намысын қорғаған. 26 жасар футболшының нарықтық бағасы 100 мың еуро.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×