ҚПЛ клубтарының директорлары қанша айлық алады? «Атырау» басшысы шындықты айтты

14.05.2025, 10:52

«Атыраудың» бас директоры Дидар Сыдықбек клубтың мақсат-міндеттерімен бөлісіп, бас бапкер таңдаудағы саясатын тілге тиек етті.

ҚПЛ клубтарының директорлары қанша айлық алады? «Атырау» басшысы шындықты айтты
Дидар Сыдықбек

Отандық менеджер сондай-ақ, өзінің жалақысына қатысты мәліметтерді де айтқан еді.

«Біздің үміткерлер тізіміндегі негізгі кандидатымыз, жалпы, менің басты мақсатым ол Жуковскийді қайтару. Адиев? Ол бұдан бұрынырақта клубты тізгіндеуі тиіс еді. Қазір менің жалақым екі есе қысқарған, осыған дейін бас директор айына 3 миллион алса, менің айлығым 1.5 миллион теңге. Дәл қазір кімнің чемпион болатынын айта алмаймын. Бірақ үздік бестікте «Қайрат», «Астана», «Ақтөбе», «Тобыл» мен «Елімай» сияқты командалардың болатыны анық», - деді Д. Сыдықбек.

Айта кетейік, атыраулық клубты қазір Қуаныш Қабдолов тізгіндейді. Қазақстандық маман Константин Горовенко қызметінен кеткен соң бас бапкер міндетін атқарушы болып тағайындалды. «Атырау» қазір 3 ұпаймен 13-орынға жайғасқан.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×