Ақшадан қысылған «Астана» жабылып тынуы мүмкін... Клуб басшылығы шындықты жайып салды

14.05.2025, 11:57

«Астана» футбол клубының бас менеджері Қайсар Бекенов бұл туралы «Nursultan Qurman» YouTube-арнасының эфирінде айтқан болатын.

Ақшадан қысылған «Астана» жабылып тынуы мүмкін... Клуб басшылығы шындықты жайып салды
"Астана" ФК футболшылары

Қазақстандық маман сондай-ақ, елордалық команданың жалпы алдағы жоспарларымен де бөлісті.

«Жеке өз басым бұған сенбеймін. «Астана» - жай клуб емес. Оның көптеген жанкүйерлері бар. Бірақ клубты жабамыз деген шешім шығарса, команданы өз қанатының астына алатын демеуші табылады деп ойлаймын. Кім не десе де, «Астананың» жеті дүркін чемпиондығы тарихта қалды және оны өшіру мүмкін емес», - деді отандық маман.

Айта кетейік, легионерлерді қаржыландыруға байланысты жаңа заңнамаға сәйкес біраз клубтарда қиындықтар туындауы мүмкін екені айтылған. Осы қатарда «Астана» да бар. Соңғы өзгерістердің салдарынан елордалық ұжым қаржылық қиындықтарға тап болып, тіпті жабылып қалуы кәдік деген әңгімелер айтылып жүр. «Астана» ҚПЛ-2025-тің сегіз турынан кейін турнирлік кестенің 3-сатысына жайғасқан. Соңғы турда Григорий Бабаян жаттықтыратын астаналық футболшылар өзінің алаңында «Тобылдан» ойсырай ұтылды 1:3.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 4
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×