
«Астананың» бас директоры Қайсар Бекенов клубтың легионерлерге, қаржыландыру мәселесіне қатысты саясатын тілге тиек етті.
«Nursultan Qurman» YouTube-арнасына берген сұқбатында сондай-ақ, отандық маман елордалық клуб пен «Барыс» хоккей командасын салыстырды.
«Қаржыландыруға қатысты заң күшіне толыққанды енген жағдайда даму саясатын өзгертіп, басқа «В» жоспарымен жылжитын боламыз. Көптеген легионерлерін жіберіп, негізінен қазақстандық хоккейшілерге сенім артқан «Барыстың» мысалын бәріміз біліп, көріп отырмыз ғой. Егер клубтың даму стратегиясын өзгертіп жатсақ, оны міндетті түрде ресми жариялаймыз. О бастағы мақсатымыз «Астананы» шетелде танитындай етіп дәріптеу, пиарға күш салу болатын. Ал осы мақсатымызды ауыстырсақ, әрине, қазақстандық футболшыларға жол ашылады, басқа да ойыншылар келеді және қаржыландыру тұрғысындағы саясат та өзгеретін болады», - деді Қ. Бекенов.
Естеріңізде болса, елімізде футбол клубтарын қаржыландыруға байланысты өзгерістер орын алып, шетелдік футболшылардың жалақысын мемлекет қазынасынан төлеуге тиым салынбақ. Осыған қатысты ҚПЛ командаларында біраз қиындықтар туындауы мүмкін. Жаңа заңнама өз күшіне әлі енген жоқ.
Біздің серіктес: FONBET