ҚПЛ клубы Әлем Чемпионатының жұлдызын Италияның Сери А-сына сатпақ

Бүгін, 10:49

ҚПЛ-дің белді клубтарының бірі өз ойыншысын Италияның ең жоғарғы дивизионы — Серия А-ға трансферлеуге өте жақын, деп хабарлайды Aladop.kz.

ҚПЛ клубы Әлем Чемпионатының жұлдызын Италияның Сери А-сына сатпақ

Legalbet.kz сайтының таратқан мәліметіне сүйенсек, “Астана” клубының Босниялық жартылай қорғаушысы Иван Башичке Италиялық “Венеция” клубы тарапынан үлкен қызығушылық туындаған. Сәтті өткен 2025/2026 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Серия В-дан Италияның жоғары дивизионына жолдама алған “Венеция” құрамын мықты ойыншылармен күшейтуді көздеп отыр.

24 жастағы хавбектің деңгейі өте жоғары, ол Босния және Герцеговина ұлттық құрамасының негізгі ойыншысы.

Бас бапкер Сергей Барбарез оны 2026 жылғы Әлем чемпионатында өнер көрсететін футболшылардың ресми тізіміне қосқан.

Әлемдік додада бақ сынайтын футболшының Қазақстан чемпионатынан бірден Италия біріншілігіне аттануы отандық футбол үшін үлкен мәртебе болмақ.

“Астана” басшылығы бұл трансферді дәл қазір емес, Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін пысықтауды жөн көріп отыр. Бұл шешімнің астарында үлкен қаржылық есеп жатыр.

Башичтің мундиалға қатысуы оның трансферлік құнын бірнеше есеге өсіруі мүмкін. Сондықтан елордалық клубқа Босниялық легионерді Әлем чемпионатынан кейін сатқан әлдеқайда тиімді. Оның үстіне, ойыншының “Астанамен” келісімшарты 2026 жылдың соңында аяқталады. Клуб оны тегін жіберіп алмас үшін, осы жазда тиімді бағаға сатып үлгеруі қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×