ҚПЛ командаларындағы легионерлердің саны

06.03.2024, 20:03

Түрленген Премьер-лиганың жаңа маусымында бақ сынасып жатқан 13 команданың құрамында қанша легионер бар? 

ҚПЛ командаларындағы легионерлердің саны

ҚПЛ командаларыңдағы легионерлердің саны:

“Астана” - 10 

“Ақтөбе” - 11 

“Тобыл” - 11 

“Ордабасы” - 10

“Елимай” - 11

“Қайрат” - 9 

“Тұран” - 12

“Жеңіс” - 12

“Жетісу” - 8

“Қызылжар” - 11

“Атырау” - 12

“Шахтер” - 7 

“Қайсар” - 10

Айта кетейік, ішкі біріншіліктің жаңа маусымында өнер көрсететін ресейлік және беларус легионерлер саны өткен жылдағы көрсеткіштермен салыстырғанда едәуір төмендеген. Мәселен, ҚПЛ былтырғы бөлігінде 35 Ресей мен 25 Беларусь елінің аяқдопшылары отандық ұжымдардың намысын қорғап келген болатын. Алайда биылғы маусымда доп тебентін ресейлік және беларус футболшылары саны 10-ға азайған.

Тағы бір айта кететіні, Премьер-лиганың дәл осы маусымында итальяндық шабуылшы Годберг Купер өнер көрсетпек. Бергамо қаласының тумасын ерекше бөліп айтуымыз жәйден-жәй емес. Бұған себеп, 26 жастағы ойыншы ішкі біріншіліктің жоғарғы дивизонында бақ сынайтын алғашқы итальяндық аяқдопшы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×