“Реал Мадрид” “Манчестер Ситидің” жұлдызын қатарына қоспақшы

06.03.2024, 19:32

“Манчестер Ситидің” жартылай қорғаушысы Фил Фоден жазғы трансферлік ауысымда “Реал Мадрид” сапына ауысуы мүмкін, деп жазады Аладоп.кз.

“Реал Мадрид” “Манчестер Ситидің” жұлдызын қатарына қоспақшы

23 жастағы Фоден “қалалықтар” ұжымының түлегі. Ол бұл командада бас-аяғы жеті маусым өнер көрсетті. Жалпы ағылшындық клубта Фил 16 трофей жеңді.

АПЛ осы маусымында жартылай қорғаушы 39 ойын өткізіп, 18 гол мен 10 голдық пас берді. 

Футболшының Манчестер командасында келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды. Оның мадридтік клубқа трансфері 100 млн.фунт стерлингке бағаланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×