Желаяқ футболшы жер-жаһанда тіркелген рекордты бұза жаздады

06.03.2024, 18:40

“ПСЖ” командасының шабуылшысы Килиан Мбаппе әлемге белгілі жеңіл атлет Усейн Болттың рекордын бұзуға сәл қалды, деп жазады Аладоп.кз.

Желаяқ футболшы жер-жаһанда тіркелген рекордты бұза жаздады

Кеше “ПСЖ” командасы ЧЛ 1/8 финалында “Реал Сосьедадтан” 2:1 есебімен басым түскен болатын.

Испандық ұжымға қарсы ойында Мбаппе 100 метрді 10,9 секундта жүгіріп өтті. Аталған қашықтықтағы әлемдік рекорд Ямайка тумасы Усейн Болтқа тиесілі. Жеңіл атлет 2009 жылғы әлем чемпионатында 100 метрді 9,58 секундта еңсерді. 

Осы маусымда француз париждік клуб үшін 34 ойын өткізіп, 34 гол мен 7 голдық пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×