ҚПЛ өнер көрсететін белорус ойыншылары өз ұлттық құрамасына шақырту алды

27.05.2024, 21:56

Беларусь бас бапкері Карлос Алос Феррер құраманың Ресей мен Израильге қарсы кездесулерінде өнер көрсететін футболшылар тізімін нақтылады.

ҚПЛ өнер көрсететін белорус ойыншылары өз ұлттық құрамасына шақырту алды

Нақты тізімде ҚПЛ өнер көрсететін үш белорус жартылай қорғаушысы бар. Олар: Макс Эбонг (“Астана”), Никита Корзун (“Елімай”) және Валерий Громыко (“Қайсар”).

Айта кетейік, Беларусь құрамасы 7 маусым Ресей мен 11 маусым күндері Израильге қарсы жолдастық ойын өткізеді. 

Ресейге қарсы ойынды Карлос Алос Феррер шәкірттері өз жерінде өткізеді. Минскідегі “Динамо” стадионы 7 маусым күні жоспарланған ойынға дайындалып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×