Ол жұмысын енді бастаған бапкер, алайда біраз тәжірибе жинап қалған

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
27.05.2024, 14:16

Мәскеулік «Локомотивтің» бұрынғы президенті Николай Наумов Александр Кержаков пен «Қайратқа» байланысты пікірін айтты

Ол жұмысын енді бастаған бапкер, алайда біраз тәжірибе жинап қалған
Александр Кержаков "Нижний Новгород" бас бапкері кезінде

Ресейлік функционер отандасынан жаңа чемпионатта не күтетінін және ҚПЛ-дің ерекшеліктері жайлы ойын жеткізді.

«Кержаковқа сенгім келеді. Десе де, «Қайрат» пен жалпы Қазақстанда ойнау мен бапкер болудың қиын екенін білемін. Қанша айтқанмен, біріншіліктің Еуропадан біраз айырмашылығы бар. Футболшылардың менталдылығы басқа болған соң сәл күрделі болатыны түсінікті. Сондықтан, Кержаков үшін оңай болмайды деп есептеймін. Бірақ, жақсылыққа сену керек, күндердің күнінде нәтиже шығуы керек қой. Ол жұмысын енді бастаған бапкер, алайда біраз тәжірибе жинап қалған. Сол үшін Кержаковтың қолынан келеді», - деген Николай Наумов.

Айта кетейік, 41 жасар маман осыған дейін Сербия чемпионатындағы «Спартакты» жаттықтырған. Сондай-ақ, кипрдың «Кармиотиссасында» бас бапкер қызметін атқарды. Ал 2021/2022 жылғы маусымда «Нижний Новгородпен» РПЛ-дегі тұңғыш маусымда 11-орын алды. Ресейлік маман бұдан бөлек тағы «Томь» клубын да жаттықтырған болатын.       

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×