ҚПЛ трансферлер (14.05) – Ресми мәлімдемелер мен құпиясы ашылған сәтсіз келіссөздер

Бүгін, 08:35

Отандық алпауыттар құрамдарын күшейту үшін Еуропа нарығын тінтіп жатқанда, кейбір клубтар өз жұлдыздарымен шұғыл түрде қоштасуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

ҚПЛ трансферлер (14.05) – Ресми мәлімдемелер мен құпиясы ашылған сәтсіз келіссөздер
Паул Якоб

Трансферлік жаңалықтардың көшін тағы да "Ақтөбе” бастап тұр. Клуб басшылығы қорғаныс шебін мықтау мақсатында Румыния футболының өкілі, 29 жастағы танымал қорғаушы Паул Якобты өз сапына қосатыны белгілі болды.

Алайда, жаңа ойыншыға орын босату мақсатында клуб өз тәрбиеленушісімен қоштасты. 20 жастағы Қазақстандық жас жартылай қорғаушы Аян Байдаулетовтың командадан кеткенін ресми түрде жариялады.

Осыған дейін “Ақтөбеге” ауысуға шақ қалды, жеке келісімшарттарын мақұлдады деп шулаған Ибрагим Дадаев пен Сэйф Поповтың айналасындағы интрига күтпеген жерден күл-парша болды. Қос шебер маусымның соңына дейін “Алтай” клубының сапында қалады.

Астаналық “Жеңіс” Хорватияның “Риека” клубының түлегі, 29 жастағы шабуылшы Андрия Филипповичпен ресми келісімшартқа отырды. Бұл футболшы Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс — ол бұған дейін “Атырау” мен “Ақтөбе” намысын қорғаған болатын.

Батыс Қазақстандық “Атырау” жақын арада Сербиялық шабуылшы Джордже Максимовичпен толықтай келісімге келіп, шартқа қол қояды деп күтілуде. Ол Сербияның “Раднички 1923” клубының тәрбиеленушісі саналады.

33 жастағы Сенегалдық орталық қорғаушы Мамаду Мбодж бен Павлодарлық “Ертіс” клубы өзара келісе отырып, келісімшартты мерзімінен бұрын жойды. Сенегалдық легионер Қазақстан чемпионатымен біржола қоштасты.

Қостанайлық “Тобыл” 26 жастағы Ресейлік қорғаушы Кирилл Глущенковтың командадан кеткенін ресми мәлімдеді. Келісімшарт қос тараптың ортақ келісімі бойынша ресми түрде бұзылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×