“Әлі жарты маусым бар, сендерді аямаймын” – Арман Исмұратовтың видеосы желіге тарап кетті

Бүгін, 09:25

ҚПЛ төрешілерінің бірі Арман Исмұратовтың матчтан кейінгі видеожазбасы БАҚ беттерінде жарияланып, үлкен дау тудыруда, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Әлі жарты маусым бар, сендерді аямаймын” – Арман Исмұратовтың видеосы желіге тарап кетті

Семейлік “Елімай” мен Шымкенттік “Ордабасы” арасындағы өткен матчтан (1:3) кейін, бас төреші стадионның астындағы дәлізде эмоцияға ие бола алмай, балағат сөздермен аяусыз қоқан-лоқы көрсеткен.

Жанжалды кездесу аяқталып, командалар алаңнан шыққан сәтте стадионның ішкі бөлмесінде үлкен айқай-шу басталған. Жарияланған видеожазбадан Арман Исмұратовтың аузынан шыққан өрескел, бейпіл сөздерді анық естуге болады. Ол өз сөзінде ешқандай этика нормаларын сақтамай, былай деп сес көрсеткен:

"Әлі алда жарты маусым бар. Мен сендерді құрдымға жіберемін, аяусыз таптайтын боламын.” — деп өте ауыр балағат сөздермен (“Я вас еб*ть буду”) айқай салған.

Семей төрінде өткен бұл ойын басынан-аяқ шиеленіске толы болып, төрешінің қабылдаған шешімдеріне қатысты қос тараптан да үлкен наразылықтар туындаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×