“Кез келген сәтте дайынмын, тек өзің жыртылып қалма” – Андрей Карпович өзін боқтаған төреші Исмұратовқа сұрапыл жауап қайтарды

Бүгін, 13:07

Семейлік “Елімай” бас бапкері Андрей Карпович Шымкенттік “Ордабасыға” қарсы өткен матчтан (1:3) кейін төрешінің көрсеткен бассыздығы мен жеке басына тиіскен қоқан-лоқысы жайлы ауыз ашты, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Кез келген сәтте дайынмын, тек өзің жыртылып қалма” – Андрей Карпович өзін боқтаған төреші Исмұратовқа сұрапыл жауап қайтарды

Андрей Карпович бас төреші Арман Исмұратовтың стадион ішінде өзін қалай қорлағанын жасырмай, барлық шындықты ақтарып салды. Оның айтуынша, арбитр этика ережелерін белден басқан.

Бас төреші Исмуратов “Елімайдың” бас бапкерін ашықтан-ашық үш әріпке сілтеп, боқтаған. Бұл сөздерді айналадағы адамдар естіп, куәгер болған.

Төреші мұнымен тоқтамай, Карповичке: “Маусымның қалған бөлігінде мен “Елімайды” аяусыз тұншықтырамын және қай жерде болсын жеке өзіңді күл-парша қыламын.” — деп сес көрсеткен екен.

Төрешінің мұндай жабайы әрекетіне ашуланған бапкер оған бірден батыл жауап қайтарып, кез келген уақытта есеп айырысуға дайын екенін жеткізді:

"Егер ол шынымен де мені күл-парша қылғысы келсе, мен кез келген сәтте дайынмын, кездесейік. Тек басқаны жыртамын деп жүріп, өзі жыртылып қалмасын. Менің футболдағы бүкіл ғұмырымда бас төрешінің мұндай сорақылыққа, жабайылыққа барғанын бірінші рет көруім. Бұл — нағыз ұят." — дейді Андрей Карпович.

Бапкер төрешінің тек мәдениетсіздігін ғана емес, ойын барысында жасаған сұмдық қателіктерін де тізіп берді. Карповичтің пайымдауы бойынша, “Елімайдың” жеңілісіне төреші қолдан жағдай жасаған.

Алғашқы жіберіп алған гол алдында ешқандай ереже бұзу болмаған. Қайталаудан ешқандай байланыс көрінбесе де, Исмұратов қауіпті стандарт белгілеп, соның кесірінен “Ордабасы” есеп ашты.

Карповичтің айтуынша, төрешілердің “Елімайдың” соққан таза голын офсайд деп есептемей тастауы нағыз қиянат. Бапкер сызықтарды қалай сызса да, ол жерде ешқандай офсайдтың болмағанын бірден көргенін айтты.

Андрей Карпович бұл жағдайдың Қазақстан футболының беделіне орасан зор нұқсан келтіріп отырғанын және бұған бейжай қарауға болмайтынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×