“SHUT THE FUCK UP!” – Қазақстандық төрешінің легионерді аяусыз боқтағаны белгілі болды

Бүгін, 15:10

Клубтың бас бапкері Андрей Карповичтің ашына жасаған мәлімдемесінен кейін, команданың 26 жастағы жартылай қорғаушысы Жан-Али Пайруз да үнсіз қала алмай, бас төреші Арман Исмұратовтың алаңда жасаған нағыз тағылық әрекеттері мен футболшыларды ашықтан-ашық балағаттағанын тікелей әшкереледі, деп хабарлайлы Aladop.kz.

“SHUT THE FUCK UP!” – Қазақстандық төрешінің легионерді аяусыз боқтағаны белгілі болды

Жан-Али Пайруздың айтуынша, төрешінің өзін заңнан жоғары санап, еш жазасыз қалатынына сенімді болғаны соншалық — стадионда нағыз масқаралық орнатқан. Ол басқа да шетелдік легионерлердің бұл жағдайға сене алмай отырғанын жеткізді.

Қазақстанға алғаш рет ойнауға келген шетелдік футболшылар дәл қазір киім ауыстыру бөлмесінде толықтай есеңгіреп, шок болып отыр. Олар төрешінің мұндай бассыздығын өмірлерінде көрмеген.

“Мен 6 жасымнан бері, яғни 20 жыл бойы футболда жүрмін. Бірақ өз өмірімде бірде-бір төрешінің өзін бұлай ұстағанын, ойыншыларды оңды-солды былапыт сөздермен айыптағанын көрген емеспін.” — дейді Пайруз.

Футболшының сөзіне сүйенсек, төреші тек Қазақстандықтарды ғана емес, шетелдік ойыншыларды да балағаттаумен болған.

Ойын барысында “Елімайдың” легионері Хрвое Илич сары қағаз алып жатқан сәтте, төреші оған тікелей қарап, еш қымсынбастан ағылшын тілінде: “Shut the fuck up!” деп тікелей былш еткізген.

Жан-Али Пайруз өзінің алаңнан қалай қуылғанын және төрешінің Карповичті қалай қорлағанын өз көзімен көргенін айтады.

Матч біткен соң бас төреші Андрей Карповичті де бәріне белгілі үш әріпке ашықтан-ашық боқтап, сілтеп жіберген.

Пайруз төрешіге жақындап, ешқандай айқайсыз, өте сабырлы тонмен: “Неге боқтап жатырсың?” — деп сұраған. Сол-ақ екен, ашуға булыққан төреші оған бірден қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуған.

Ойыншы “Не үшін?” деп сұрағанда, төреші ешқандай ережеге сүйенбестен: “Жоғал бұл жерден!” — деп, өзінің балағат сөздерін оңды-солды қарша боратқан екен.

Пайруздың бұл мәлімдемесі төреші тарапынан жасалған бассыздық пен психологиялық қысымның шектен шыққанын толықтай дәлелдеп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×