«Краснодардың» бұрынғы бапкері қазақстандық клубты баптауы мүмкін

01.01.2021, 21:47
Қарағандылық клуб кеше Горовенкомен қош айтысқан еді.
«Краснодардың» бұрынғы бапкері қазақстандық клубты баптауы мүмкін

Ресейлік жаттықтырушы Сергей Ташуев қазақстандық "Ақтөбе" мен Қарағандылық "Шахтердың" бас бапкерлігіне үміткер болып саналады, деп хабарлайды Sport24.

Ташуев 2009-2010 жылдары "Краснодарды" жаттықтырды және ФНЛ-да 5-орынды иеленді, ресейлік клуб артынша "Сатурнның" РПЛ-дан өз еркімен бас тартуының арқасында Премьер-лигаға өтті.

Ташуев сонымен бірге 2014/15 жылғы маусымда "Анжи" командасының бас бапкері болды, нәтижесінде махачкалалық клуб ФНЛ-да 2-орын алып, РПЛ-ға жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×