КришТИ мен МесСИ!

04.05.2012, 20:38
КришТИ мен МесСИ!

Ла Лигадағы королдік клубтың 32-ші чемпиондығы Криштианудың атымен айтылатын болады. 2009 жылдың жазында «Манчестер Юнайтедтен» «Реалға» 96 (!) млн. еуроға ауысқан (футбол тарихындағы ең қымбат трансфер) португалиялық вундеркинд, 3 жылдық сәтсіздіктен кейін, мадридтік клубты Примера чемпионы атануына көп септігін тигізді.

 Жалпы «Реал» сапында Роналду команданы алға сүйреуші «мотор» бола білді. Ол тек керемет шабуылшы емес, сондай-ақ, көптеген голдық пастарды да берді. Мәселен атап айтатын болсақ, Ла Лигада 44 гол, Чемпиондар Лигасында 10 гол, Испания Кубогінде 3 гол салса, бір ғана Испания біріншілігінде 12 голдық пас беріп үлгерген. Португалия капитанында Ла Лигадағы алдағы 2 ойыны бар. 2-ші маусым қатарынан Роналду королдік клубтың тарихына алтын әріппен жазылған Тельмо Сарра мен Уго Санчестің рекордік көрсеткіштерін өзгертуде. Криштинау Роналду жайлы сөз қозғағанда тағы бір нәрсені айтуға ұмытып кеткендей болып тұрамыз. Ол әрине аргентиналық Лео Месси! Биылғы маусым «Барселона» үшін біткенімен, команданың жарық жұлдызы Мессидің жарысы аяқталмады. Роналду Ла Лигада 44 гол соқса, Месси 46 (!) гол соғып үлгерген. Екеуі де аталмыш чемпионаттың үздік шабуылшысына беретін жыл сайынғы Пичичи жүлдесі үшін таласары сөзсіз. Сондай-ақ, 3 жыл қатарынан «Алтын Доп» иегері атанып жүрген Леоның жолын қалай болған күннің өзінде тоқтатуға тырысып бағады португалиялық шабуылшы. «Реал» сырт алаңда «Гранадаға»» қонаққа барса, Сантьяго Бернабеуде «Мальорканы» қабылдайды. Осы соңғы 2 ойында Криштиану барын салып ойнауы тиіс. Бірақ, «Барселонаның» соңғы 2 ойыны қалды. Бұл дегеніміз аргентиналық шабуылшыға да үлкен мүмкіндік деген сөз.  Кімнің мықты екені Ла Лиганың соңғы ойындарында анықталады.

                                                                              Алмат БАҚЫТЖАН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Мадридте үлкен той
Серіктес жаңалықтары
×