
Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Аль-Хилал" клубына ауысуы туралы келісімшарт ресми жариялануға жақын екені жөнінде беделді халықаралық БАҚ-тар хабарлады.
Роналду мен "Аль-Хилал" арасындағы келіссөздер соңғы күндері айтарлықтай алға жылжыған.
Ойыншы Клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысуды қалайды, ал бұл турнирге жолдама алған командалардың бірі дәл осы "Аль-Хилал".
Егер келісім ресми түрде бекітілсе, Роналдудың жаңа командасының сапындағы алғашқы матчы бұрыңғы клубы "Реал Мадридке” қарсы өтуі мүмкін.
Бұл матч Клубтар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңінің ең алғашқы ойынына жоспарланған.
Бұл жолы турнирге 32 клуб қатысады, яғни бұл жаңа форматтағы алғашқы турнир болмақ.
"Аль-Хилал” Сауд Арабиясын атынан жолдама алып қойған, ал "Аль-Наср" (Роналдудың қазіргі клубы) жолдама ала алмады.
Сондықтан Роналду тек басқа клубқа ауысу арқылы ғана бұл турнирге қатыса алады.
Бұл жаңалықты бірнеше дереккөз таратқанымен, "Аль-Хилал" ресми түрде растаған жоқ.
Клубтың бас директоры бұл мәліметтерді "ғылыми фантастика" деп атаған болатын.
Алайда трансферлік кезең басталысымен жағдай өзгеруі мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET