
"Барселона" 17 жастағы Ламин Ямалмен келісімшартты 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзартқанын ресми түрде жариялады. Бұл келісімшартта ойыншыны клубтан сатып алу құны 1 миллиард еуро.
Ямалдың жалақысы жылына 40 миллион еуроға дейін, оның ішінде 30 миллион еуро негізгі жалақы және 10 миллион еуро бонус ретінде қарастырылған.
Ямал келісімшартқа қол қою рәсімін 2025 жылдың шілде айына дейін кейінге қалдырды, себебі ол 18 жасқа толған кезде әжесі Фатиманың қатысуымен рәсімді өткізуді қалаған.
Ламин "Барселонаның” негізгі құрамында 106 матч өткізіп, 25 гол соғып, 34 нәтижелі пас берген.
Испания құрамасында 2024 жылғы Еуропа чемпионатын жеңіп алып, турнирдің ең үздік жас ойыншысы атанған.
2024 жылы Kopa Trophy иегері және Ballon d’Or сыйлығына ең жас үміткер болды.
Сондай-ақ, Ямалға келесі маусымда "Барселона” клубының аңызға айналған 10 номерлі жейдесі берілуі мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET