Криштиану Роналду коронавирустан айығып шықты

31.10.2020, 16:19
Келесі кездесуге қатысуға мүмкіндігі бар.
Криштиану Роналду коронавирустан айығып шықты

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду коронавирустан айығып шықты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. Португалиялық футболшы 19 күн бойы ауырған еді.

«Ювентус» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Роналдудың COVID-19 сынағы теріс нәтиже берді және ойыншы оқшаулану жағдайынан шығады.

Еске салайық, 13 қазанда Роналдудың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Келесі күні 35 жастағы футболшы Туринге оралып, карантинге кетуді шешті. Және Криштиану 14 күннің орнына 10 күнге оқшауланды, ол Чемпиондар лигасында «Барселонамен» болатын кездесуге қатысқысы келген, бірақ ауруынан айыға алмады. «Ювентус» келесі кездесуін 1 қарашада «Спнцияға» қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×