Михаил Гурман: «Осы маусымда «Астанаға» қарсы матчтарда төрешілер қателікті қарсыластың пайдасына жасап жатыр»

31.10.2020, 16:34
Клубтың бас директоры төрешінің екі рет қателескенін айтты.
Михаил Гурман: «Осы маусымда «Астанаға» қарсы матчтарда төрешілер қателікті қарсыластың пайдасына жасап жатыр»

«Астана» 16-турдың орталық матчында «Қайраттан» жеңіліп қалды. Елордалық клубтың бас директоры Михаил Гурман матч туралы пікірімен бөлісті:

- Чемпионаттың екі көшбасшысының ойынына сәйкес келетін жекпе-жек болды! Әдеттегідей, мұндай матчтың тағдырын бір гол және ұсақ-түйек нәрселер шешіп кетеді. Оның ішінде төреші Игорь Чесноковтың жіберген бірнеше қателігі де болды және бұл соңғы нәтижеге әсер етті. Бірақ таблодағы есепке қарамастан, мені «Астананың» ойыны қуантты, команданың ойын дағдарысынан шықаны көрініп тұрды. Бұл бізге үміт сыйлайды және бас бапкер таңдауда қателеспегенімізді дәлелдейді.

- Төрешілер матч тағдырына әсер етті деп ойлайсыз ба?

- Біздің тең нәтижені жұлып алуға мүмкіндігіміз болды, тіпті жеңіске жетуіміз мүмкін еді, бірақ қарсылас өз мүмкіндігін голға айналдырғанымен, біз олай жасай алмадық. Соған қарамастан, мен нәтижеге әсер еткен кем дегенде екі қателікті атай аламын. 31-минутта Евгений Постниковқа қарсы алаңның ортасында ереже бұзылғаннан кейін бірінші гол соғылды, ол жерде қарсылас ойыншысы қауіпті ойнады, бірақ төреші ереже бұзылды деп есептеген жоқ. Екінші таймда, айып алаңының жанында Барсегянды шалып жыққанда, төреші тағы да үнсіз қалды. Өкінішке орай, осы маусымда «Астанаға» қарсы матчтарда төрешілер қателікті қарсыластың пайдасына жасап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×