«Ақтөбе» Бірінші лигадағы алғашқы жеңілісіне ұшырады

31.10.2020, 18:49
«Ақтөбе» бұл ойында жауапсыз екі гол жіберіп алды.
«Ақтөбе» Бірінші лигадағы алғашқы жеңілісіне ұшырады

"Ақтөбе" Бірінші лиганың соңғы турында "Алтай" командасынан жеңіліп қалды. Павлодардағы Орталық стадионда өткен матч 2:0 есебімен аяқталды.

"Ақтөбе" бұл ойында жеңілгеніне қарамастан өз тобында бірінші орынды иеленіп, Премьер-лигаға жолдама алды. Осылайша, "Ақтөбе" Бірінші лигадағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Зеленовский шәкірттері 12 ойынның тоғызында жеңіске жетіп, екі рет тең ойнаған.

Ал Семейлік ұжым өз кезегінде 9 ұпаймен соңғы орында иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×