«Оқжетпес» пен «Тараз» тең түсті

31.10.2020, 21:03
Бұл ойында гол көре алмадық.
«Оқжетпес» пен «Тараз» тең түсті

Көкшетаулық "Оқжетпес" Премьер-лиганың 16-турында "Таразбен" ұпай бөлісті. Талғардағы Ұлттық құраманың базасында өткен матч 0:0 есебімен аяқталды.

Ойында гол соғылмағанымен 4 сары қағаз көрсетілді. Оның екеуін "Оқжетпес" ойыншылары алса, қалған екеуін "Тараз" футболшылары алды.

Бір ұпайды қанағат тұтқан "Тараз" 14 ұпаймен сегізінші орында қалды. 11 ұпайы бар "Оқжетпес" "Каспийді" артқа тастап, оныншы орынға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×