Килиан Мбаппе ең қымбат жас футболшы атанды

01.11.2020, 00:45
Бұл рейтингті атақты Forbes журналы жасады.
Килиан Мбаппе ең қымбат жас футболшы атанды

ПСЖ мен Францияның шабуылшысы Килиан Мбаппе Forbes журналының нұсқасы бойынша 21 жасқа дейінгі ең қымбат футболшылар рейтингінде көш бастады.

Forbes Transfermarkt, CIES мәліметтерін және аяқталған трансферлік мәмілелерді ескере отырып, 21 жастағы шабуылшының трансферлік бағасын 183,3 миллион еуроға бағалады.

Екінші орында 104 миллион еуроға бағаланған "Атлетиконың" шабуылшысы Жоао Фелиш, үшінші орында "Челсидің" жартылай қорғаушысы Кай Хаверц (98 миллион еуро) тұр.

Forbes журналының нұсқасы бойынша 21 жасқа дейінгі ең қымбат футболшылардың рейтингі келесідей:

4. Альфонсо Дэвис ("Бавария") - 88,3 миллион еуро;

5. Маттиас де Лигт ("Ювентус") - 86,8 миллион еуро;

6. Джейдон Санчо ("Боруссия Дортмунд") - 86,8 миллион еуро;

7. Эрлинг Холланд ("Боруссия Дортмунд") - 68,3 миллион еуро;

8. Ашраф Хакими ("Интер") - 66,3 миллион еуро;

9. Виктор Осимхен ("Наполи") - 63 миллион еуро;

10. Ферран Торрес ("Манчестер Сити") - 57,7 миллион еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×