Қостанай облысының басшылығы «Тобыл» клубының алдына міндет қойды

01.11.2020, 01:05
Қостанай облысының басшылығы «Тобыл» клубының алдына міндет қойды

Қостанай облысының басшылығы «Тобыл» маусым қорытындысы бойынша үштікке енген жағдайда ғана сәтті деп санайтынын мәлімдеді.

Meta-ratings.kz сайтының мәліметінше, «Тобыл» «Ордабасыны» алға жіберіп, үштікке ілінбей қалса клуб құрылымында өзгерістер болады.

Өткен ойында "Тобыл" "Ордабасыны" 3:0 есебімен жеңген болатын. 16 турдан соң «Тобыл» «Ордабасыдан» 1 ұпайға қалып, төртінші орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×