Криштиану Роналду Манчестерде құны 27 миллион фунт тұратын қонақ үй ашпақ

23.08.2020, 21:39
Португалиялық әлем жұлдызы бизнесін өркендетуде
Криштиану Роналду Манчестерде құны 27 миллион фунт тұратын қонақ үй ашпақ

Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Англияның Манчестер қаласынан 11 қабаттан тұратын төрт жұлдызды қонақ үй ашуды жоспарлау үстінде, деп хабарлайды Daily Mail.

Роналду заманауи қонақ үй салу үшін португалиялық Pestana компаниясымен келісімге келген. Енді CR7 Pestana деп аталатын қонақ үй Криштианудың өзге де Мадейра, Лиссабон, Мадрид, Нью-Йорк, Марракеш және Париж сынды қалалардағы отельдерінің жандануынан кейін салынбақ.

Жобаның құны 27 миллион фунт болады. Қомақты қаржыны қойнына басатын қонақ үй 11 қабаттан, 151 жатын бөлмеден тұрады.

Шыңғысхан Досмухамбетов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×