Криштиану Роналду Мессимен теңесті

19.02.2015, 09:57
Криштиану Роналду Мессимен теңесті
Екінші жыл қатарынан "Алтын Допты" алғаннан кейін, португалиялық сұрмерген қаңтар мен ақпанның жартысында нәтижелі ойынымен көзге түскен жоқ. Командамен бірге кішігірім дағдарысты басынан өткізді. Әуелі, Премьерадағы матчта алаңнан қуылып, екі ойынға қатыса алмады. Қайта оралуы Висенте Кальдерондағы ойынмен тұспа-тұс келіп, Анчелоттиден бастап бәрі кірерге тесік таппады. 30 жасын достарымен атап өткені үшін де басы бәлеге қалды.  Ал, бүгін осының бәрін өткен еншісіне қалдырып, алаңға ерекше ынта-жігермен шыққанын көрдік. Шалькеге қарсы ойында гол соғып қана қоймай, нәтижелі пастың авторы атанды. Соққан голы Чемпиондар Лигасындағы 76-шы голы болып тіркеліп, футбол әлеміндегі басты бәсекелесі Мессимен теңесті.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×