Криштиану Роналду «Реал» клубының үздік сұрмергені

15.09.2015, 01:12
Криштиану Роналду «Реал» клубының үздік сұрмергені
Мадридтік «Реал» сырт алаңда «Эспаньол» командасын 0 — 6 есебімен тас — талқан етіп ұтты. Роналду бұл ойында пента — трик жасап ойынның басты қаһарманы атанды. Сөйтіп, португалдық шабуылшы Ла Лигадағы голдарының санын 230 — ға жеткізді. Бұған дейін королдік клуб сапындағы рекордтық көрсеткіш Раульдың еншісінде болған болатын (228 гол) . Роналду Испания чемпионатында сырт алаңда пента — трик жасаған Армандо Меродио («Атлетик», 11 қаңтар 1959 жыл) және Алена Петернацтан кейінгі («Вальядолид», 19 мамыр 1996 жыл) 3 — ші футболшы.   Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×