Криштиану Роналду: «Жанкүйерге лық толы «Олд Траффордта» ойнауды және барлық жанкүйерлерді қайта көруді асыға күтемін»

31.08.2021, 19:55
Футболшы «қызыл сойқандармен» екі жылдық келісім-шартқа отырды.
Криштиану Роналду: «Жанкүйерге лық толы «Олд Траффордта» ойнауды және барлық жанкүйерлерді қайта көруді асыға күтемін»

36 жастағы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтедке" ауысуы туралы пікір білдірді.

"Манчестер Юнайтед" - бұл әрқашан менің жүрегімде ерекше орын алатын клуб, жұма күнгі хабарландырудан кейін маған келген барлық жылы лебіздерді оқып, риза болдым. Мен жанкүйерге лық толы "Олд Траффордта" ойнауды және барлық жанкүйерлерді қайта көруді асыға күтемін. Мен халықаралық ойындардан кейін командаға қосыламын және бізді өте сәтті маусым күтіп тұр деп үміттенемін", - деді Роналду "Манчестер Юнайтедтің" ресми сайтына берген сұхбатында.

Бүгін туриндік клубтың ресми сайты "қызыл сойқандардың" Роналду үшін 15 миллион еуро төлегенін хабарлады. Және футболшы белгілі бір жетістіктерге жетсе "Ювентус" бонус ретінде тағы 8 миллион еуро алатын болады.

Еске салайық, Криштиану 2003-2009 жылдар аралығында "Манчестер Юнайтед" клубында ойнаған, ол жерге өзінің мансабын бастаған "Спортинг" клубынан ауысып келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×